Президент Кәлпеге келе ма?

29.03.2019ж

Алматы облысына қарасты Кәлпе аулының тұрғындары елеңдеулі. Таяу күндері ауылға республика Президенті келуі мүмкін деген ақпар бар. Бұл мәліметтің шынайылығына күмән жоқ. Себебі, облыс әкімдігінің лауазымды қызметкерлері соңғы күндері ауылға жиі келіп жүр.

 Кәлпе орта мектебі

Сонымен, Кәлпе ауылының қазіргі жағдайы қандай? Кәлпе ауылы — Жолбарыс ауылдық округінің орталығы. Округ құрамына Айдар, Кәлпе, Қанабек, Қарашеңгел ауылдары кіреді. Мұнда 3 мыңға жуық тұрғын бар. Халықтың негізгі табыс көзі — мал және егін шаруашылығы. Округ бойынша 2 орта, 2 бастауыш мектеп, 2 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 1 клуб, 1 амбулатория, 3 фельдшерлік пункт, 1 мешіт қызмет етеді. Ауылдан Түркісіб теміржолы өтеді.

 Кемел Тоқаев

 

Қазіргі Президентіміздің әкесі — Кемел Тоқаев ҰОС ардагері, танымал жазушы, журналист болған. Сол себепті, туған ауылында жазушы атына көше берілсе, аудан орталығы Үштөбе қаласында К.Тоқаев атында саябақ, мектеп, скверлер бар.

Былтыр ғана ауылдағы Кемел Тоқаев атындағы көше күрделі жөндеуден өткен. Асфальт төселіп, шарбақтар мен көше шамдары орнатылды.

  Кәлпедегі К.Тоқаев көшесі

Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың ресми өмірбаянында Алматыда дүниеге келген деп жазылған. Бірақ, балалық шағы Кәлпе ауылында атасының қолында өткен. Аталарын ардақтаған елміз ғой. Сондықтан, таяу күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кәлпеге атбасын бұратыны заңдылық. Алайда, Президент сапарының нақты мерзімі әзірге белгісіз.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4124924