Халық таңдауы-басты мақсат
- Толығырақ
- Жарияланды 09.04.2019 09:24
- Автор: Super User
- Категория: Ел және Елбасы
- Қаралды: 1378
09.04.2019ж
Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Егеменді елді басқару оңай шаруа емес.
Осындай зор жауапкершілікті арқалап, елдің іргесін ыдыратпай ұстап отыру кіл мықтының ғана қолынан келмек. Еліміз демократиялы мемлекет. Сондықтан мемлекетті басқаратын басшы да халық таңдауымен таққа отыруы өте орынды шешім деп есептеймін. Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу арқылы экономиканың өсуін, өткізіліп жатқан саясаттың сабақтастығын нығайту аса маңызды болмақ.
Алдағы өтетін сайлауға барлық қазақстандықтар аса ыждаһаттылықпен, үлкен жауапкершілікпен қарап, Президенттікке кандидатурасын ұсынған үміткерлер ішінен кіл мықтыны бірге таңдауға шақырамын.