Қазақстанның дамуының жаңа кезеңі басталады

12.06.2019ж

2019 жылдың 9 маусымы күнгі халықаралық демократия қағидаларына сәйкес әділетті өткен Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауында  егемен елімізді тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен бірге құрысып, дамудың сара жолына түсірген  жоғарғы мемлекеттік басқарудың сан саласында басшылық қызметтерде жемісті еңбек еткен халқымыздың біртуар ұлы, текті, зиялы азаматтың ұрпағы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын жеңіске жеткені бәрімізге белгілі.

 

            Бүгін 12 маусымда қасиетті елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми түрде кірісуін заңды түрде бекітуге арналған салтанатты ұлықтау рәсімінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабына сәйкес жаңа сайланған Казақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Қазақстан халқының алдында ант берген ерекше тарихи сәттің куәсі болдық.

            Өзінің сайлауалды бағдарламасында бейбітшілік пен келісімді, ортақ игілік, Қазақстанның өркендеуі мен гүлденуі жолында аянбай еңбек етуді өзінің басты мақсаты етіп алған Қ.Тоқаевтың сайлаудағы жеңісі заңды құбылыс деуге болады. Қоғамымызда тұрақтылықты, бірлікті, экономикалық өркендеуді алдағы қызметіне темірқазық етіп алған Елбасымыздың басты он бағыт бойынша белгілеген бағдарлары қуатты, гүлденген Қазақстанды қалыптастырады, еліміздің өркендеуіне, халқымыздың  әлеуметтік жағдайының жақсаруына,  конституциямызбен бекітілген мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы- азаматтарымыздың заңды құқылары мен мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдары, лауазымды тұлғалар тарапынан әділетті қорғауға жол ашады деп есептеймін.

            «Еліміздің әр адамының мүддесін қорғау-менің басты мақсатым»,-деп өз ант беру рәсімінде атап көрсетуінің өзі  нағыз халықтық демократияның, қарапайымдылықтың және өз халқына жақындықтың үлпетті үлгісі дер едім.        Сабырлы, дана, көреген халқымыздың адал сенімін арқалаған  Елбасымыз Қ.К.Тоқаевтың тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бүкіл әлем мойындаған озық үлгідегі мемлекеттік құрылысының даму моделін ары қарай жетілдіретіні, барлық стратегиялық бағдарламаларын сенімді жалғастыратыны, қоғаммен ашық әрі әділ жұмыс істеу тәсілін қолданатыны туралы уәдесі көңілге қуаныш сыйлады.

            Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтып, елімізді дамудың жаңа өркениетті сатысына көтеретін Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне жаңа кіріскен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтай ірі мемлекет және қоғам қайраткеріне Алламыз мықты денсаулық, жасымас жігер, қажырлы қайрат беріп, еліміздің нұрлы, берекелі, бейбіт болашағы үшін жасайтын әрбір ісі сәттілікке толы болсын демекпін! 

Күнтізбе

« Маусым 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net