Елбасы және халқы" кітабының тұсау кесері өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 26.07.2019 04:24
- Автор: Super User
- Категория: Ел және Елбасы
- Қаралды: 1258
26.07.2019ж
25 шілде күні сағат 11.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (А.Бөкейхан көшесі, 1) «Елбасы және халқы» («Елбасы и народ») кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Жинақта Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудың бастамашысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1995-2019 жылдардағы сессияларда сөйлеген сөздері топтастырылған. Қоғамдық-саяси басылымға Елбасының жеке архивінен алынған және кітапхана қорында сақталған құнды суреттер мен құжаттар енген.
Кітап Қазақ еліндегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің авторы – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы кемеңгер саясаткер, дара тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.
Елбасы және Халқы – Тәуелсіз Қазақстанның біртұтас ұғымы ретінде қарастырылған.
Сондай-ақ саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің авторы Н.Ә.Назарбаев туралы жарық көрген мақалалар мен этно-мәдени бірлестік өкілдерінің Елбасына жолдаған жүрекжарды лебіздері көрініс тапқан.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары К.Ақтаева, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері, БАҚ басшылары, ҚХА жастар қанаты және басқа да қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Қосымша дерек:
Кітап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Тәуелсіз мемлекеттің тарихындағы биік белестер, аса ауқымды жобалар, жеңістер мен жетістіктер Елбасының есімімен байланысты. Қалыптасудың күрделі кезеңінде Қазақстан ұлтаралық негізде бөлініп-жарылуға, егесулер мен қақтығыстарға жол бермеді. Бұл жария етілген ішкі саяси тұрақтылық, азаматтық татулық пен этносаралық келісім қағидаттарының арқасында мүмкін болды. 1995 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен республикада Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырылып, ол барлық азаматтарды қай этносқа жататынына, діни нанымына және әлеуметтік жағдайына қарамастан, сенімді шоғырландырушы алаңға айналды. Этностар арасында құрылған өзара қатынас жүйесін әлемде «Назарбаевтың моделі» деп атайды. Ассамблеяның жоғары органы – сессия. Басылымның бірінші тарауында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995 жылдан бастап 2018 жылды қоса алғанда, сессияда сөйлеген сөздері жинақталған.
Екінші тарау Елбасына арналған және онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қасында жүріп, қызмет еткен жандардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА-ның басқа құрылымдары басшыларының Елбасы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген жарияланымдары топтастырылған. Үшінші тарау – шынайы ризашылық сезім мен терең құрмет білдіру. ҚХА негізін қалаушымен тарихи оқиғаларға толы күрделі де қызғылықты жолды бірге өткен этномәдени бірлестіктердің өкілдері саясаткер, азамат және адам ретінде Нұрсұлтан Назарбаевқа, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің авторына риясыз көңілден шыққан алғыстарын жеткізеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Баспасөз қызметі
Тел: 47 26 54
Қаншайым Байдәулет 8747 312 90 95
Ботакөз Жақсымбетова 8771 555 44 89
е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , www.assembly.kz