Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі - қажетті құрылым

09.08.2019ж

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымдағы  салтанатты түрдегі ант беру рәсімінде жасаған баяндамасында «Біздің адамдарды билік пен қоғам диалогының дамуы қатты алаңдатады.

Мұндай диалог пікір плюрализмін, түрлі пікірлерді мойындаудан құрылады, бірақ бірыңғай ұлт-басты бағдар. Сондықтан, мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруды шештім» деп айтқанынан ұзақ уақыт өтпей жатып кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойғанын қоғам үлкен үмітпен қабылдады деп айтсақ болады.

                Ереже қағидалары өзекті мәселелер бойынша қоғамдық сараптама жүргізу, жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық мәселелерді қоғамның барлық топтарының талқылауынан өткізу мен жүзеге асыру жолдарын жан-жақты қарастыруды заң жүзінде бекітіп отыр. Атап айтқанда, жаңа құрылым билік пен қоғамның арасындағы тікелей байланыс алаңына айналмақ. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына биліктің, іскерлік саласының, қоғам белсенділері мен жастардың енуінің өзі қоғамдағы барлық әлеуметтік топтардың өкілдерін қамтығанын, яғни халықтық демократияның салатанат құрғанын көрсетеді.

                Елімізге белгілі кеңес мүшелері тек өз беделін көтеру мақсатындағы ой жетегінде кетпей қоғамға қажетті мәселелерді қарау мен шешім қабылдау кезінде әділетті әрі сергек болғандары абзал.

                Әлемде бұрыннан-ақ қоғам қолдауына,  ел ықыласына ие болған «азаматтық қоғам» ұғымының еліміздің өміріне шындап енеріне сенімім мол.

                Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі  өзін жаңа қырынан танытатын билік пен қоғам арасындағы ашық диалог алаңы ретінде тәуелсіз еліміздің нұрлы, берекелі болашағына қызмет ететін ең керекті қоғамдық құрылым деп есептеймін.

Әлибай СТАМҚҰЛОВ, 

Үлкенағаш ауылдық

округінің бас маманы.

 

Күнтізбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 638011