Сенімімізге лайық тұлға

09.08.2019ж

Көптен күткен күн де жетті. Еліміздің көреген саясаткер басшы, талай жылдар Қазақстанды басқарған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында  елімізде бейбітшілік орнап, халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, Тәуелсіздікті тәу етіп, өркениетті 42 елдің қатарынан көрінген едік. Енді міне, көптен күткен тағы бір көпшіліктің көптен күткен шешімі шықты.

 

                Еліміз үшін ең   басты жаңалық Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісуі болды. Қасым-жомарт Тоқаевты мектепте жұмыс істеген кезден, саясаткер, елшілік қызметтерінде адал қызмет еткенін жақсы білемін.

                Өз басым халқымыз  дауыс берген басшымыз Қасым-жомарт Тоқаевты бір кісідей қолдаймын. Теледидардан ұлықтау сөзін, ант беруін тыңдадым.

                Дана халқымыз айтқандай «біреудің байлап өскенінен, бүткіл елдің қаулап өскені артық» - деген екен.

                Біздің халқымызға керегі, ең бірінші тыныштық, халқымыздың әл-ахуалын, Елбасы жолын, стратегиясын, халықтың табысын арттыру, көп балалы аналардың жағдайларын арттыру ең өзекті мәселе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сот, құқық қорғау жүйелерін реформалау, жұмыссыздық, тұрғын үй, жастарды қолдау туралы айтқан өзекті мәселелері бізді қуантып отыр.

                Құрғақ сөзбен айтпай, іс жүзінде іске асыру керек деп ойлаймын.

Тоқтаргүл  Киізбаева,

зейнеткер ұстаз.

 

Күнтізбе

« Тамыз 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net