Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жалақы екі есе өседі»

16.08.2019ж

Жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Білім және ғылым» атты тамыз конференциясы болды.

     Аталған конференция ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңыздылығы жоғары жиындардың бірі. Биылғы басқосуға еліміздің түкпір-түкпірінен екі мыңнан астам ұстаздар қатысты.

      Президентіміз сөз басында білім және ғылым саласының барлық қызметкерлеріне шынайы ықыласын білдіре келе, осы салада еңбек етіп жүрген жандардың алдында бас иетіндігін айтты. Жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алып, ата-бабалар аманат еткен ұлан-ғайыр даланы аман сақтау, ең алдымен, жас буынға артылатын зор үміт. Бұл білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымы үшін үлкен жауапкершілік болары анық.

      Конференцияда мемлекет басшысы білім және ғылым саласына қатысты бүгінгі күннің негізгі мәселелерін атап өтіп, тиісті органдарға түрлі тапсырмалар мен міндерттер жүктеді. Атап айтар болсақ, білім сапасын көтеру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Бұл – ұстаздар қауымының біліктіліктерін арттыруға, оқытылатын оқулықтардың сапасын арттыруға ықпал етпек. Біліктілікті арттыру дегенде мұғалімдерге арналған курстар мен семинарларды өткізу ғана емес, ұстаздарды толғандыратын негізгі мәселерді, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауды басты назарға алу керектігін атап өтті. Мұғалімдерге көрсетілетін түрлі қысымдарды азайту үшін тиісті органдарға тапсырма берді.

      Келешек ұрпақты тәрбиелеуде саналы тәрбие беруге мән беріп, еліміздің жастары өзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар, мемлекеттің озық инновацияларға сай өркендеуіне үлес қосулары керек деген айшықты міндет қойды.

      Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағылшын тілін оқытуды 2-3 сыныптан немесе ата-аналардң қалауына қарай 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді екендігін айтты. Және де мемлекет басшысы алдағы 4 жыл көлемінде педагогтардың жалақысы 2 есеге өсетінін мәлімдеді. Мұғалімдердің еңбекақысы базалық лауазымдық жалақы арқылы есептелуіне байланысты елдегі 500 мың ұстаз айлығының елеулі мөлшерде өскенін сезіне алмай отырғандығы да айтылды. Таяу жылдары үшауысымдық және бүгінгі заманның талабына сай келмейтін мектептер мәселесін шұғыл түрде шешуді тапсырды. Нақтырақ айтсақ, 2019-2020 жылдары мемлекет қаржысынан үшауысымдық 35 мектеп пен күрделі жөндеуді қажет ететін 7 мектепке құрылыс жұмыстары жүргізілетіндігін және тәуелсіздік алған жылдардан бері барлық саны 1198 мектеп салынғанын айтып, алдағы уақытта бұл үрдіс әрі қарай да өз жалғасын табады деп сендірді.

      Осылайша тамыз кеңесі Үкімет алдына және мұғалімдер қауымының біраз жылдық жұмыс жоспарын құруға себепші болды. Конференция барысында аталған мәселелер таяу арада шешімін табатын болса, еліміздің ертеңі жарқын болып, болашаққа нық сеніммен қадам басатынымыз айқын.

Ақмарал Хаметжанова 

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 674704