Оңды өзгерістер жетістікке жетелейді
- Толығырақ
- Жарияланды 02.09.2019 09:48
- Автор: Super User
- Категория: Ел және Елбасы
- Қаралды: 1218
02.09.2019ж
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында тұрмыс сапасын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл қойды.
Атап айтқанда «әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты-өмір сүру деңгейінің артуы» деген Мемлекет басшысы денсаулық саласына мынандай міндеттер қойып, ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қол жетімді болуын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
Қазақтан халқына арнаға Жолдауында нақты тапсырмаларға сай 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіспіз. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспортын жасауға, кезектерді, бюрократиялық кедергілерді жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндіктер берді.
Панфилов аудандық қоғамдық денсаулық сақтау саласы да «Алғашқы медициналық санитарлық көмек» көрсететін қызметкрелерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен көбейтуді қолға алмақ. Бұл ретте мамандардың біліктілігінің маңызы зор.
Ауданның даму тарихымен бірге өркендеп келе жатқан облыстық Мәслихат депутаты Төлеу Сарпеков аудандық денсаулық сақтау саласы заманауи озық технологиялар мен әдістерді тең меңгеріп, заман талабына сай әрекет ете алатыны дәлелденді. Осы орайда Мемлекет басшысы Жолдауындағы жаңа міндеттер денсаулық саласы қызметкерлерінің жұмысына жаңа серпін бермек.
Бағдат Бейсенқызы.