ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР БАСТЫ НАЗАРҒА АЛЫНАДЫ

02.09.2019ж

Таяуда ғана елімізде елеулі өзгерістер орын алған болатын. Мемлекетімізді ұзақ жылдар басқарған, еліміздің өркендеуіне елеулі үлесін қосқан Нұрсұлтан Назарбаев басшылық тұғырды босатты.

Ел Президенті болып Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды. Жаңа басшылықты қолға алған Президентіміз еліміз ертеңі үшін ауқымды үлес қосады деген сенімдеміз. Себебі, жаңа басшымыздың саясаттан ауылы алыс емес.

Міне бүгін саяси билікті қолына алған Президентіміз халыққа алғашқы Жолдауын жария етті. Жолдауда еліміздің ертеңі үшін атқарылатын жұмыстар тізбектеліп, нақты жоспарлар бекітілді. Президент қазіргі таңда еліміз тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығуға зор мүмкіндік иеленгендігін айтты. Дамыған мемлекеттер қатарына қосылу үшін жаңа технологияны меңгерген, халықпен тығыз байланыс орнататын, қуатты мемлекет құруымыз керектігін міндеттеді. Сондай-ақ халық пікірімен санасып, мемлекет пен халық арасындағы байланысты жақсарту бүгінгі күннің басты талабы екендігін жеткізді. 2024 жылға дейін мемлекеттік қызметкерлер санын азайту арқылы қаржыны тиімді істерге бөлу мәселесін көтерді. Атап айтқанда 2024 жылға дейін мемлекетік ұйымдар мен мемлекеттік қызметкер саны 25 пайызға азайатын болады. Соңғы кездері мемлекетте орын алған өзгерістер бойынша көптеген митингтери өтіп, қоғам тыныштығына нұқсани келді. ҚР Конституциясына орай әпрбір азамат өз пікірін білдіруге және азаматтық ой-пікірлеріни ашық айтуға құқылы. Сондықтан заңды митинг өткізетін белсенділерге заң бойынша жауаптар қайтарылып, құпталатын болады.

Сондай-ақ «Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Осыған орай, саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау керек. Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет»,-деді Мемлекет басшысы.

Азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты аймақ-қуатты ел сынды тақырыптарға көтерілген барлық мәселелерге бағытталған міндеттер мен тапсырмалар өз уақытында орын алып халқымыздың әлеуаметтік хал-ахуалын, жкономикасын, әлеуметтік жағдайын джақсартуға себепші болады деген сенімдемін.

Осы Жолдауда ең бастысы әлеуметтік мәселелер басты назарға алынды. Сондай-ақ елімізде орын алып жатқан аса ауыр қылмыстар атап айтқанда есірткі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және адамға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жазаны күшейтуге тапсырма берілгендігі қоғам тыныштығын сақтап, елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлттар мен ұлыс өкілдерінің ынтымақтастығын, татулықтарын арттыруға себепші болмақ.

Ақмарал Хаметжанова

 

Күнтізбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net