Ұлттық болмысқа деген қастерлі көзқарас

09.01.2020 жыл

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің басты басылымы –«Егемен Қазақстанның» 9 қаңтардағы санында жарық көрген «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты ой-толғамын бір деммен оқып шықтым.

Осыдан кейін данышпан Абайды қаншалықты біліп жүрмін десем де-білмегенім көп екен.

     Талғамды тебіреністегі мақаланың «Ұлттық болмыстың үлгісі» атты тарауында: ... «Жаңғыру-өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл-ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі ұлы ойшыл осыдан  бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған» деп ой түйеді. Бұл ой бүгінгі күнімізбен де кемел үйлесіп отыр. Мұндай қастерлі көзқарас бүгінгі көпшіліктің көкейіне дөп келеді. Мен көпті  көрген қария ретінде осы ұлттық болмысымызбен үндесіп жатқан ойды барынша  қуаттаймын.

Сатыбай  Мырзахметов,

еңбек ардагері, Панфилов ауданының «Құрметті аазматы».

Күнтізбе

« Ақпан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 843838