Бағытымызға бағдаршам

09.01.2020 жыл

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты ойлы мақаласы мені де көп ойларға жетелеп отыр. Қазіргі өркениетті  мемлекеттердің барлығы дерлік шоқтығы биік тарихи тұлғаларымен  мақтана алады. 

Олардың қатарында саясаткерлер мемлекет және қоғам  қайраткерлері, қолбасшылар, ақын-жазушылар, өнер және Мәдениет майталмандары бар. Қазақ жұрты да біртуар перзенттерден кенде емес. Солардың ішінде Абайдың орны ерекше. Бірақ біз ұлы ойшылымызды жаһан жұртына лайықты деңгейде таныта алмай келеміз»  -деп жазады Қасым-Жомарт Кемелұлы.  Ғұлама Абайды қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлғаға теңеп отырған ел Президентінің бұл мәйекті мақаласы –біз сияқты қолына қаламын ұстап жүрген  әдеби қауым үшін бағдаршам сияқты. Бұл бағдаршам біздерді соны биіктерге жетелей бермек.

Құдайберді Құсайын,

ақын, Қазақстан  журналистері Одағының мүшесі.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1352328