Қиын сәтті ел болып еңсереміз
- Толығырақ
- Жарияланды 02.04.2020 08:52
- Автор: Super User
- Категория: Ел және Елбасы
- Қаралды: 995
1.04.2020
Бүгінгі таңда әлемді жаулаған пандемия індеті әлем елдерінің экономикасы мен адамдардың өміріне өте үлкен қауіп төндіруі әбден мүмкін. Нақты айтқанда, біздің азаматтығымыз, елдігіміз нағыз сынға түсетін кезең.
Дейтұрғанмен, қиын кезең кезінде елімізде атқарылып жатқан жаңа жобаларды, індетке қарсы атқарылатын жұмыстарды көріп көңілге сенім ұялады. Әлем елдерін дүрліктіріп отырған пандемияның жылдам таралуына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық алдына шығып екінші мәрте мәлімдеме жасады. Мемлекетімізде төтенше жағдай жарияланып, Қазақстанға вирустың жаппай таралып кетуіне жол бермегендігімізді нақты атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта ахуалды бақылауда ұстайтындығын атап өтті. Президентіміздің қиын шақта жасаған мәлімдемесі ел еңсесін бір серпілткені жасырын емес. Осындай ауыр кезеңде бірнеше келелі істерге келісті тұжырымдама жасады. Атап айтқанда, пандемияға қарсы күресте алдыңғы шепте жүргендерге қосымша қолдау көрсетілетін болады. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстемақы төленетін болады. Жұмысссыз қалған азаматтарға ең төменгі жалақы төлеу және азық-түлік алу мақсатында қаражат бөлуді, МӘМС жүйесін үш айға ұзартуды тапсырды. Ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнеске қолдау көрсететіндігін атап өтті.
Осындай сәтте «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірлікте болу аса маңызды. Көпшілікті қорқыныш пен үрей мазалайтыны сөзсіз. Ол орынды. Соның өзінде даурықпай, сабырлық сақтау керек. Біз бірге екенімізді естен шығармайық.
А.Хаметжанова