ҰЛЫ МҰРА – ҰЛТ МҰРАСЫ

23.04.2020ж

Мемлекет басшы сы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұылының 175 жылдығына орай

жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында  халқымыздың  біртуар  перзенттерінің  бірі, ойшыл ақын Абай атамыздың мұрасын ұрпақ тәрбиесіне пайдалану үшін нақты қадамдар мен іс-қимылға көшу қажет деді.

 

П р е з и д е н т і м і з 5 бөлімнен тұратын бұл мақаласының әр бөлімінде ақын мұрасын зерделеп, қашанда өзектілігін жоғалтпайтын терең мәнге ие ұстын ретінде қазіргі адамзат қоғамында қалыптасқан үдерістерге сай басшылыққа алып қолдана білу керектігін айтады.

Қазіргі қазақ елінің ұлттық идеоло гиясы осы мұраларда  тұрғанына Президентіміздің

мақаласынан кейін тағы да көз жеткізіп отырмыз. Қасым-Жомарт Кемелұлі  айтқандай, сөзден іске көшуіміз керек. Абай атамыздың мұралары арқылы, өскелең ұрпақ бойына адамгершіліктің,  а д а л д ы қ т ы ң ,  е ң б е к қ о р л ы қ т ы ң , парасаттылықтың дәнін егу парыз. Абайдың  175 жылдық мерейтойына қоғамдық сананы жаңғыртатын, еліміздің дамуына серпін беріп, нақты іспен көрсету – міндетіміз.

А.ЖҮДЕБАЕВ