Сын сағатта босаңсуға әлі ерте
- Толығырақ
- Жарияланды 30.04.2020 05:48
- Автор: Super User
- Категория: Ел және Елбасы
- Қаралды: 1057
29.04.2020ж
Қазақстан Республикасыынң Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайдың ұзартылуына қатысты жасаған мәлімдемесі аса қажетті шара деп ойлаймын.
Бүгінде елімізде вирус жұқтырғандар саны артып келеді. Алайда індет жұқтыру динамикасы әлдеқайда төмен. Сондықтан Мемлекет басшысы тарапынан қабылданып жатқан шараның барлығы да дұрыс деп есептейміз. Төтенше жағдай мерзімін ұзартқан сайын елімізде ауруға шалдыққандардың саны азаяды.
Бүгінде ең басты мәселе-халқымыздың төтенше режимі аяқталған соң да тәптіпті сақтай білуінде. Короновирусқа вакцина табылғанша бізге осы індетпен қатар өмір сүруімізге тура келеді. Бұл аса қауіпті мәселе.Сондықтан адамдар санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауды және тұрғындар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін өзгертуді, сонымен қатар жеке басының қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтауды үйренуі тиіс. Сонда барып елімізде вирус жұқтырғандар саны азаяды.
Айдос Қалиев,
аудандық Мәслихаттың аппарат жетекшісі.