Ардақты біздің ардагерлер

08.05.2020ж

Ұлы отан соғысы ардагерлерін ардақтау ұрпақ алдындағы басты міндеттің бірі. Осыған орай ардагерлер туралы аранайы Заң жобасы қабылданып, оларға мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалуы көптен көтеріліп жүрген өзекті мәселенің бірі болатын.

Оның бірнеше нұсқалары дайындалды да. Ал бүгін сол халықтың көптен күткен асыл мұратының бірі «Ардагерлер туралы» Қазақстаны Республикасының Заңы қабылданғанын естіп, кеудемізді қуаныш оты кернеді.
Аталған Заңның басты талабы ардагерлеріміздің әлеуметтік жағынан қорғауды қажет ететін санаттарын анықтау және де әлеуметтік қолдау шараларын күшейту. Ардагерлеріміздің әлеуметтік қорғалатын 5 санаты және олар үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері тағайындалды. Алдағы уақытта осы Заңның барлық тармағын орындау үшін жыл сайын қосымша 2 миллиард теңге бөлінетіндігі де айтылып өтілген. Соның нәтижесінже ағымдағы жылы еліміздегі ардагерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамту 169 мыңнан 180 мың адамға дейін артатын болатындығы көпшіліктің қолдауына ие болды. 
Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында ардагерлерімізге зор қуаныш сыйлаған Заң жобасында айтылған мақсаттар мен міндеттердің орындалуына халық болып үлес қосуымыз басты міндет. Өйткені, Ұлы Жеңіс ұрпаққа аманат. 
Гохарбуви Исмайилжанова,
«Жаркент өңірі» газетінің тілшісі.