Заң жобасына толықтырулар енгізілді
- Толығырақ
- Жарияланды 09.05.2020 07:28
- Автор: Super User
- Категория: Ел және Елбасы
- Қаралды: 1030
08.05.2020ж
Елімізде Ұлы Отан соғысына қатысқан барлық жауынгерлерге үлкен қамқорлықпен, мақтанышпен, ерекше ықылас құрметпен қарайды. Елінің ертеңі үшін өз жандарын құрбан еткен жауынгерлеріміз біз үшін нағыз батырлықтың символы.
Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» және «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды. Аталған заңға сәйкес ардагерлер санаты кеңейтілді. Ардагерлерге төленетін жәрдемақы мөлшері ұлғайып, олар бірқатар салықтан босатылатындығы да айтылды. Заңда «Жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, оларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген азаматтардың 8 санаты және ҰОС мүгедектеріне теңестірілген азаматтардың 5 санаты кіреді»,-делінген. Бұл Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында қабылданған келелі заңдардың бірі деп санаймыз. Бұл қуанышты хабар ардагерлер қауымын бір серпілтіп тастағаны шындық әрине. Бұл заңның қабылдануы көптен көтеріліп келе жатқан мәселе болатын. Өйткені, мұндай заң Ресейде, жалпы, ТМД елдерінің көпшілігінде бар. Ардагерлер санатының кеңейтілгені және осындай санаттардағы адамдарға мемлекет тарапынан бір заңның қажеттілігі, оларға тиісті жағдай жасалу керектігі әрине, бұрыннан белгілі болатын. Ештен кеш жақсы дейді. Қабылданған заңға сәйкес осы санаттағы барлық ардагерлер қауымына мемлекет тарапынан, қоғам тарапынан тиісті жағдай жасалады деген үмітіміз басым. Аталған Заңның қабылданғанын барша қазақстандың қолдап, қуаттайтын болады. Ұлы ерлікке мың тағзым. Ардагерлеріміз аман болсын!
Ақмарал Хаметжанова,
«Жаркент өңірі» газетінің тілшісі.