Біз індеттің шарықтау шегінен өттік...

11.05.2020ж

11 мамыр. Халық бұл күнді асыға күткен еді. Себеп, дәл осы күні бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Бірақ, карантин талаптары әр өңірдегі ахуалға қарай әлі де сақталатын болады. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде атап өтті.

«Біз індеттің шарықтау шегінен өттік. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ауқымды жұмыс атқарды. Халықтың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру және бизнесін қолдау үшін 500-ге жуық шешім қабылданып, жүзеге асырылды»,-делінген Президент мәлімдемесінде. Әлем елдерін сан сарсаңға салған індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Сондықтанда карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады. Бүгіннен бастап көптеген саланың қызметі қалпына келеді. Мұның өзі көңілге қуаныш ұялатады. 
Алдағы уақытта карантиндік талаптар толығымен аяқталуы үшін біз әлі де болса тәртіпке бағынып, қажеттілік болмаса үйде отырғанымыз абзал. Сабыр түбі – сары алтын. Сары уайымға салынбай еліміздің ертеңі үшін сәл шыдамдылық танытуымыз керек. Бір біргеміз!
А.ХАМЕТЖАНОВА

Күнтізбе

« Мамыр 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1076703