ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР АЙТЫЛДЫ

25.06.2020ж

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «Ана тілі» газетіне берген сұхбатын толықтай оқып шықтым. «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» деген сұхбатта еліміздегі өзектілігі жоғары мәселелер айтылған екен. Пандемия кезіндегі жағдайды Үкімет үнемі назардан тыс қалдырмай, бақылауда ұстап отырғандығын айтып өтті.

Індетпен күрес әлі де қарқынды жүргізіліп келеді деген Президент, ел азаматтарының жағдайға немқұрайлы қарамай, аурудың алу үшін  әркім өзі үшін күрес жүргізуі тиіс екендігін ескертті.

            Сондай-ақ, ана тілінің бүгіні мен болашағы тұрғысында келелі пікір білдірді. «Тілдік проблеманың үлкен саяси мәні мен маңызы бар. Тіл мәселесіне бей-жай қарап, немқұрайлық танытатын болсақ, мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін»,-деп көптеген елдердің тәжірибелерін мысалға келтірді. Тіл саясатына келгенде ешқандай ың-шыңсыз, айғайламай, қызбалыққа салынбай, бірақ табанды түрде жалғастыра беру қажеттігін айтты.

            Сұхбат барысында ел экономикасы, бүгінгі қоғамдағы зиялы қауымның рөлі, бейбіт жиындар мен митингтер туралы қоғамда сілкініс тудырған бірқатар маңызды мәселелер қозғады. Сұхбатты толықтай оқып шыққаннан кейін терең ойландым. Татулық пен ынтымақтың не екенін көріп өскеннен кейін оның жалғастырушысы болу – біздің азаматтық парызымыз екендігін түсіндім.

А.ХАМЕТЖАНОВА