Ерке есілдің бойына ел қондырған Елбасы

03.07.2020ж

       

      Елорда мен Елбасы аты қатар аталады, қатар қастерленеді. Туған күніңмен, еңселі елорда! Туған күніңізбен, ардақты Нұрсұлтан Әбішұлы! Тарих толқынында әр халықтың алатын орны оның маңдайына бітетін біртума тұлғасы- көшбасшысымен тығыз байланысты екені мәлім.

Болмысынан ерлік пен бостандықты ту еткен көшпенділердің рухынан бастау алған, ұлан- ғайыр мекенін ұрпағына мұра ету жолында жанқиярлық ерлік көрсеткен ата-бабаларымыз ел тізгінін нық ұстап, қазақ ұлтының атын асқақтатып, ғасырдан- ғасырға ұранын асыра алып келді. Замана тізбегінің алуан алмасқан сәттерін басынан өткізіп, тауқыметі зор ғұмыр кешкен халқымыздың тарих қойнауына өткен сара жолы- на үңілсек, жаугершілікке қарсы тұрған байырғы за- манда аты аңызға айналған батырларымыз жеңіс туын желбіретсе, олардың жеңісін Елбасымыз бүгінде бейбіт күннің майданында жалғастыруда. Ата-бабаларымыз армандаған ел егемендігіне қол жеткізіп, дербес мем- лекет құру жолындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі ақталып, еліміз жаңа дәуірдегі өркениетті мемлекеттер қатарынан лайықты орын алды. Тәуелсіздікке қол жеткізген қысқа мерзім ішіндегі Елбасының бастауымен еліміздің өткен жолдары мен жетістіктері тарих беттерінің алтын парақтары болып қалмақ. Елбасының ынтасымен осы қиын-қыстау жылдар қойнауында Астана атты көрікті шаһарамыз дүниеге келді. Қазір Елбасының аты- мен аталатын бас қаламыз бейбітшілік пен бірліктің жаршысы ретінде танымал. Дүние жүзінде ұлтаралық қайшылықтар шиеленісіп, конфессиялар қақтығысып, орын алып  жатқан кезеңде Қазақстан өзін бірлік пен татулықтың үлгісі ретінде та- нытып, әлем қауіпсіздігі мен жалпы адамзаттық ынтымақ үшін зор үлесін қосуда. Десек те Елорда - халқымыздың болашаққа деген сенімін нығайтып, тағдыры мен арманын бір арнаға тоғыстырған құт ме- кен. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігі мен қажыр- қайратының арқасында бой көтерген Елордамыз бен мемлекетіміздің бүгінгі келбеті қазір қай-қайсымыз үшін де отаншылдықтың өзегі болып отыр. Қазақтың бас қаласы - мемлекеттік басқару, экономикалық-қаржылық орталық қана емес, ғылым мен білімнің, руханияттың қайнаған ортасы. Сарыарқа төріндегі ұлттық рухтың сим- волындай болған «Бәйтерек», «Қазақ елі» монументі, Керей мен Жәнібек хандарға, басқа да тарихи тұлғаларға арналған айбынды ескерткіштер, сәулетті кешен- дер елдігіміздің нышанына айналды. Мұнда халықаралық Назарбаев Университеті есігін айқара ашты. Бұл - келешегі кемел жастарымыздың әлемдік білім кеңістігіне шығуына жасалған зор мүмкіндік Әлем Елордамызды жас депжатырқағанжоқ, қайта оның бітімгершілік болмы- сын тап басып, «Бейбітшілік қаласы» деп атады. Қазақ елінің табан тірер, арқа сүйері - Елорда- мыз қашанда айбыны асқақ, рухы биік, мәртебесі жоғары болсын. Әлем халқы Елор- даны Қазақстанның қарқынды дамуына серпін беретін орталық республи- ка тәуелсіздігінің символы, планетадағы ең жас қала, өзіндік дәстүрі мен тари- хы бар бірегей, әлемдік архитектураның үздік үлгілері бойынша тұрғызылған тұғырлы қала деп таниды. Елорда мен Елба- сы бір-бірінен бөлінбейтін егіз ұғым. Арай нұрлы Нұрсұлтандай елорда- сы бар аз ғана жыл ішінде әлем жұртшылығын мойындатқан жас та тәуелсіз мемлекетімізді және осындай мәртебесі биік елдің Елба- сы, Отанымыздың беделін биікке көтерген алып тұлға- Елбасымызды біз мақтанетеміз. Өйткені Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлем алдындағы беделінің, дана саясатының арқасында еліміз Еуропа төріне көтеріліп, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті. Күллі әлем саясатын тамсанды- ратын, құрметтейтін қуатты да беделді елге айналдық. Батыс пен Шығыс санасатын, құрметтейтін ел болдық. Бұл - жас мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті ұлтымыздың ұлы перзенті, адамзат та- рихынан лайықты орын алатын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өлшеусіз еңбегінің нәтижесі. Дүбірлеген дүниенің бірқатар бөлігінде, іргелес жатқан елдерде бейбітшілікке қауіп төніп, халықтың ба- сына ауыртпалықтар түсіп жатқанда, біздің елімізде қалыптасқан ынтымақ пен бірлік, татулық пен келісім қанатын кең жайып келеді. Татулығымыз - ырысты, бірлігіміз - көрікті блсын. Елдігіміздің баянды болашағы, бақытты ғұмыры ұзағынан болғай! Сол жолда елін сүйген, елі сүйген Елбасымызға денсаулық, ұзақ өмір тілейміз. Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі, асқақтаған Елордамыз - Нұр-сұлтан қаласы өркендей берсін!

 Бағдат  Айтмұқаева,