Алакөл ауданында «Сервистік әкімдік» ғимараты ашылды

28.08.2020ж

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыс аумағында Сервистік әкімдіктер ашу қолға алынуда.

 

Бүгін Алакөл ауданында «Сервистік әкімдік» жобасы ғимаратының ашылу салтанаты Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың қатысуымен өтті.

«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Алакөл ауданы әкімдігінде «Сервистік әкімдік» ғимараты ашылды. Жобасының басты қағидалары мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға ыңғайлы жағдайлар жасау»,–дейді ол.

Ауданда ашылған жаңа Сервистік әкімдік - ашықтық пен қолжетімдік өлшемдеріне сәйкес келеді және жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға ықпал етеді.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні облыс көлемінде осындай 9 әкімдік жұмыс істеуде. Атап айтсақ, Ақсу, Балқаш, Қарасай, Қаратал, Көксу, Райымбек, Іле, Алакөл аудандары мен Талдықорған қаласында. Ал жыл соңына дейін облыстың басқа да қала мен ауданадарында «Сервистік әкімдіктер» ашу жоспарда бар.