Аманатқа адалдық - құптарлық іс

07.10.2020ж

«Абай Құнанбайұлы тұлғасы да сондай аралық кезеңнің жемісі. Ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір»,-деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұлы ақын бейнесін ұрпаққа нақтылап, анық теңеу бере алды.

Тұңғыш Президентіміздің жоғарыда берілген мақаласы ұлы ақынның 175 жылдығына арналған ең мазмұнды әрі көлемді дүние екен.
Шын мәнінде Абай атамыз - қазақ поэзиясының тәңірі, құдіретті ақыны, қуатты таланты, қазақ халқының ұлы мақтанышы.
Бұл мақала Абай поязиясына, оның тұлғалық қырына жаңашылдықпен қарауға күш салған. Оның поэзиясына терең бойлап, жастарымызға қажетті рухани білімнің нағыз қайнар көзі ретінде сипаттағаны қуантты.
Абай мұрасы - ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық ретінде бағаланып жатқандығы көңіл қуантады. Өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселеніп, мемлекет ретінде мұратқа жетеріміз анық.
«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деп ақынның өзі айтып кеткендей, Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен, нақыл сөздерімен де бізбен мәңгі жасай беретіндігі ақиқат!
А.ХАМЕТЖАНОВА

Күнтізбе

« Қазан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1414366