Жаңа шаралар қабылданды
- Толығырақ
- Жарияланды 23.10.2020 04:31
- Автор: Super User
- Категория: Ел және Елбасы
- Қаралды: 967
22.10.2020ж
Мемлекет басшысы Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы Үндеуінде алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетінін айтты. Бұл сайлау - еліміз үшін маңызды сайлау болмақ.
Себебі, жаңа сайлауда алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Сонымен қатар, алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтетін болды.
Бұдан бөлек Үндеуде парламенттік оппозиция институтын құру мәселесіне қатысты біршама өзгерістер мен толықтырулар жасалынғаны айтылды. Президентіміздің жаңа сайлау науқанына дейін осындай шараларды қабылдауы мемлекетімізді өркендету, дамыған озық елдердің қатарына қосу жолында жасалынып жатқаны анық. Бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматы ретінде біз де алдағы сайлауға ұйымшылдықпен қатысуымыз керек деп ойлаймын. Себебі, Мемлекет басшысы айтқандай, "Біздің ортақ миссиямыз - Қазақстанды өркендету, азаматтарымыздың игілігі үшін қызмет ету".
Б.Серікқызы.