Табысты ел болуымыздың кемел кепілі

Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстың ,ұлттық кодтан айырылып қалмай , оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделері туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі- саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып- Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгеретіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиынынан қиыстырып , жарастыра алатын құдіретімен маңызды.
Ол адами құндылықтар, рухани қазына , жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдылық берудің қажеттілігін алға қойып отыр.
Бұл дегеніміз-ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға , руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі –үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш.Білім-рухани жаңғырудың басты алғышарты. Өйткені, ой жүйесі терең,алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Мен Елбасының осы сөздерін толық қолдай отырып, рухани мәдениеттің дамуы үшін тағылымды ұлттық тәрбиенің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтардың кемелденуі барысында әрбір маман иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыру қажеттілігін түсінемін. Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет.
Бәсекеге қабілетті әлемдік деңгейде танылған рухани кемел ел болу- Елбасының асыл арманы.
Ендеше, Мемлекет басшысының жастарған соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінеміз.
Арайлым
Молдағазықызы,
А.Луначарский атындағы
орта мектеп –гимназиясының
қазақ тілі мен
әдебиет пәні мұғалімі.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net