Заң жобасынан кейін депутаттар бастама көтерді

29.01.2021ж

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алу және оны палатаның талқылауына шығармау туралы шешім қабылдады. 

 

Заң жобасына депутаттар 2019 жылғы Президент Жолдауынан кейін бастама көтерді. Ол бойынша елдегі отбасылық-тұрмыстық жанжалдар санының өсуі туралы айтылған. Заң жобасы 10 айдан астам уақыт Парламентте талқылануда. Жұмыс топтары тоқтамай заңнама аясында жұмыс істеуді жалғастырды.  

 

Көпті алаңдатқан заң жобасына Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев та өз пікірін білдірді. Президенттің айтуынша, өзекті мәселелер кеңінен талқылануы тиіс. 

«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау"-, деп жазды Мемлекет басшысы Тwitter парақшасында.

 

Айта кетейік, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алу және оны палатаның талқылауына шығармау туралы шешім қабылдады.

Қазір заң жобасында Парламенттен басқа 55 ұйым жұмыс істейді. Мәжіліс отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алды. Яғни, құжат заңды күшіне әлі енген жоқ.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3822996