Жетісулық 384 жас «Елбасы медалінің» иегері атанды

11.02.2021ж

Таланты мен талабы ұштасқан үздіктердің жалын атуына ықпал ететін облыстық білім басқармасына қарасты «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығы жұмыс жасайды.  Орталықтың мақсаты: шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапты, интеллекті жоғары, кәсіби сауатты жеке тұлғаны қалыптастыру.

 

Аталған орталық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау және дамыту жөніндегі «El Umiti» бастамасы аясында бірнеше жобаларды жүзеге асыруда. Атап айтар болсақ, олар: «Елбасы медалі», «Қабілет» жобасы және «Мың бала» ұлттық олимпиадасы.

«Елбасы медалі» жобасына 14-29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Жоба спорт, дарын мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, еріктілік бағыттары бойынша жүргізіледі. Бүгінгі күні, 1121 жас қатысуға өтініш берген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Алматы облысы «Елбасы медалі» жобасында үздік көрсеткіш көрсетіп, 384 адам жеңімпаз атанған. Жоба жүлдегері атанған түлектерге ЖОО-ға түсуде жеңілдіктер жасау қарастырылуда. 2021 жылы бұл жоба бойынша жүйелі түрде жұмыс жалғастырылуда.

ІІ жоба, «Мың бала» ұлттық олимпиадасы ауылдағы  дарынды балалар үшін сапалы білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған.

«2020 жылы қаңтар-ақпан айларында 5 және 6 сыныпта ауылда оқитын 65 мыңға жуық оқушының 1 және 2-тоқсан қорытындысы бойынша үлгерім нәтижелері негізінде сырттай іріктелді. Облыстан 1150 оқушы ІІ кезеңге өтті»,-деді «Жетісу дарыны» КММ басшысы Алишер Башаров.

Олимпиада шартымен негізгі пәндер бойынша өз білімдерін 196 оқушы дәлелдеп, бағалы сыйлықтаррға ие болды. Айта кету керек, 6-сынып оқушыларының ішінен үздік шыққан   107 жеңімпаз облыстағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мекемелерге емтихан тапсырмастан қабылданып, білім алуда. 

ІІІ жоба «Қабілет» деп аталынады. Енді ғана қолға алынып жатқан бағыт. Болашақ түлектердің өмірде өз бағдарын  табуға ықпал етеді. «Бұл жоба қоғамға аса қажетті, оқушылар мен студенттердің ары қарай дамуы және әлеуметтік жетілуін қамтамасыз ету үшін зияткерлік әлеуетін анықтауға және тұлғаның жеке траекториясын таңдау үшін  қатысушылардың кәсіби бағдарын жүргізуге бағытталған маңызды бастама»,-деді спикер. 

 Айта кетейік, Жетісу дарыны» орталығы Республикалық ғылыми –практикалық «Дарын» орталығымен өзара әрекеттестік жағдайында жұмыс жасайды.  Нәтижесінде өткен жылдан бері Халықаралық деңгейде 6 шараларға  30 оқушы қатысып, 9 оқушы жүлде алды. Республикалық деңгейде өткен  14  шараға  7403  облыс оқушыларының ішінен 1289-ы жүлделі орындарға ие болды. Орталықтың ұйымдастыруымен республикалық конкурсына қатысқан  мұғалімдерден 13-і жүлдеге ие болған. 

Күнтізбе

« Наурыз 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1665727