Нұр Астана-нұр мекен
- Толығырақ
- Жарияланды 20.12.2017 06:21
- Автор: Super User
- Категория: Ел және Елбасы
- Қаралды: 1650
Биыл елордамызды Ақмола қаласына ауыстыру туралы тарихи шешімге 20 жыл толып отыр. Уақыт бұл шешімнің дұрыс екенін дәлелдеді. Бүгінде Астана – дамудың даңғыл жолындағы, көркіне көз тоймайтын әсем қала, болашақтың қаласы.
Осы атаулы мерекеге орай желтоқсанның 12-ші жұлдызында ауданымыздағы Жауынгерлік Даңқ мұражайында «Нұр Астана – нұр мекен» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары, мәдениет қызметкерлері. БАҚ өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты.
Ең алдымен мұражай директоры Айдос Құдайбергенұлы бас қаланың өткені мен бүгіні, болашағы жайында баяндама оқыды. Осыдан соң келген қонақтардың назарына «Астана» қалай салынды?» деректі фильмі ұсынылды.
Дөңгелек үстел барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Д.Иманханов, облыстық «Жетісу» газетінің ауданымыздағы меншікті тілшісі М.Нұрсейіт, «Жаркент сәулет – көркемөнер» музейінің директоры М.Раев, облыстық «Огни Алатау» газетінің тілшісі Ә.Мұқашева, Ә.Қастеев атындағы көркемсурет галереясының қор сақтаушысы Ш.Заманбекова, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері сөз сөйлеп, өздерінің ой-пікірлерін, ізгі тілектерін білдірді.
Астана қаласының 20 жылдығына арналған айтулы шарада аудандық мәдениет үйінің әншілері өз өнерлерін ортаға салды.
Ж. Кенжебек