Еркін елдің ертеңі нұрлы

Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық. Қазіргі кезде біздің елді барша әлем танып отыр. Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра,  бұл  егемендік қандай жолмен келгенін білемін.

    Ата-бабаларымыз тәуелсіздікті алу үшін, бар жан-тәнін берді. Тәуелсіздік ата-бабамыздың арманы болып еді. Сол арман орындалып, біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жүрміз.

    Біздің Елбасымыз – Н. Ә. Назарбаев дана, шебер, нағыз отаншыл адам. Қазақстанның өз мемлекеттік рәміздері бар. Асқақтаған Астанам бар. Астананың көркі керемет. Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтті. Олар егемендікті, бостандықты білдіреді. Мен осындай байтақ, дамыған мемлекетте өмір сүргеніме қуаныштымын.

   Мен өз елімнің дәстүрлерін құрметтеп, өз Отанымды  қорғауым керек. Себебі  Қазақстан біздің ортақ үйіміз, біздің Отанымыз. Тәуелсіздік – кез келген адамның ұлттың, елдің еркіндігі. Біз  бейбіт  елдің ұрпағымыз.

Назерке Нұрлыбай,

оқушы,

Жаркент қаласы. 

 

Күнтізбе

« Наурыз 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3273240