Жаңа міндеттер жүктейді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп айдарланыпты.  Бұл  Жолдау еліміздегі әрбір саланың алдында тұрған басты міндеттер мен мақсаттарды тағы да айқындап және нақты белгілеп берді. Он бағыттан тұратын Жолдаудағы «Адами  капитал- жаңғыру негізі» атты жетінші кезеңде айтылған «Үздік денсаулық сақтау ісі және  дені сау ұлт» бағыты арқылы Елбасымыз денсаулық сақтау саласына үлкен  жауапкершілік жүктеп отыр.

 

                        Сол сияқты тоғызыншы міндеттің де маңызы айрықша. Бұл заң үстемдігі мен жемқорлыққа қарсы күрес. Осы бір кесел ілгері басуымызға тұсау болып, қоғамды кібіртіктеуге, тіпті тұралауға мәжбүр етуде. Дана  халқымыз «жерді небір құртады, елді жебір құртады» деп бекер айтпаған. Міне, Елбасымыз  осы дертті  асқындырмау  үшін оның түп-тамырына балта  шабу міндетін алға қойып отыр.

                        Жолдауда аталған келелі міндеттерді мүлтіксіз орындау үшін бүкіл қоғамның тас-түйін бірлігі мен ынтымағы қажет. Еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін баршамыз іске жұмылуымыз қажет.

                        Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерінің бірі-индустриялық өркендеу болып табылады.  Осы өркенді істің басында жастарымыздың жалындап жүруі қажет. Бұл - бүгінгі өмір талабы.

Қанат  Досмайлов,

«Нұр Отан» партиясы 

Панфилов аудандық филиалы

 төрағасының 1-орынбасары

Күнтізбе

« Ақпан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

booked.net