Бейбітшілік қаласы

            Сайын Сарыарқаның төсіне еліміздің астанасын көшіру тауарлы тарихи шешімге  биыл   20 жыл толады. Астана – болашақтың қаласы,  мүмкіндіктер қаласы, жастардың қаласы, Еуразияның кіндігінде орналасқан сәні мен салтанаты келіскен қала. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға «Бейбітшілік қаласы» атағы беріліп, медальмен марапатталуы – осының айқын дәлелі.

 

            Елбасы Н.Назарбаев ел астанасын таңдауды 32 өлшем    бойынша  жүргізген екен. Оның ішінде аса маңыздылары: әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмологиялық  жағдай, қоршаған орта, инженерлік және көліктік инфрақұрылымның болуы, коммуникациялар, құрылыс кешені және еңбек ресурстарының болуы. Бүгінде бұл шешімнің дұрыс болғандығына ешкім күмән келтірмейді.

            Осы жылдар арасында елордаға тартылған инвестиция көлемі 44 есеге артыпты. Осылайша Астана ел экономикасының локомативіне айналып отыр. Қарқынды даму үстіндегі экономикасы бар, көз тартатын ғимараттары күннен күнге көбейіп келе жатқан  шаһардың көлемі  722 шаршы шақырымды құрайды. Бас қаламыздың алар асулары әлі алда.

Ж.Ержанқызы.

Күнтізбе

« Наурыз 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3273227