Алтын бесік астанам!

«Алматы  облысының жастар ресурстық орталығы»  КММ-ң  филиалы - «Панфилов ауданының жастар ресурстық орталығы»,  аудандық «Жас Отан»  ЖҚ-ның бөлімшесі, білім бөлімі, Жаркент орта мектебі,  аудандық  Қорғаныс істері бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының 2018 жылығы 10 қаңтардағы Жолдауын қолдау мақсатында, Ауған соғысының аяталғанына 29 жыл толуы және Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ару қалам, асқақ ордам, Астанам!» атты қар үстіндегі былғары доптан аудан мектеп оқушылары арасында шағын футбол ойыны өткізілді.

 

            Ойын нәтижесінде Шежін орта мектебінің командасы I-орын, Ә.Қастеев атындағы орта мектебінің командасы II-орынды, Пенжім орта мектебінің командасы III-орынды иеленіп, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Ғ.Меделбеков,

 Панфилов ауданының   жастар ресурстық орталығының  кеңесшісі .