Баспана алудың жаңа мүмкіндігі

  Елбасымыз Н.Назарбаевтың халқымызға жолдайтын жыл сайынғы Жолдаулары мен бағалы бастамаларына етіміздің үйреніп кеткені сондай, ол Жолдауларды  тағатсыздана  күтетініміз  шындық. Елімен етене Елбасымыз көгілдір көктем айы – Наурыздың басында  сүйікті халқына арнаған кезекті бір үндеуін жариялап отыр. Президентіміз бұл жолы  әлеуметтік жаңғыру жолындағы жаңа қадамдарды  алдымызға тартып отыр.

 

                Көпке ұсынған осы бес әлеуметтік  бастаманың алғашқысы – «Әрбір отбасына  баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» біз сияқты  жас ұрпаққа білім, тәрбие беру ісімен айналысатын  ұстаздар қауымын,  әсіресе баспанасы жоқ жастарды ерекше қуанышқа бөлеп отыр.

                ... «Сондықтан   мен «7-20-25» бағдарламасын  ұсынамын. Жұмыс істейтін  әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес жылына 7 пайыздан   аспайтын болады...»

Жастарға деген шексіз қамқорлықтың осы шынайы көрінісі – біздерге үлкен жауапкершілік жүгін жүктейді.

Мақпал  

Сұраншиева,

Алтынсарин атындағы 

орта мектептің психолог мұғалімі.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net