Бес бастама - ел игілігіне

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының біріккен отырысында халықтың әл-ауқатын көтеру үшін  «бес әлеуметтік бастама» ұсынды. Қазақстан  республикасының Президенті Н.Назарбаев бірінші бастама ретінде қазақстандық  әр отбасының  баспанаға қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

 

 

  Президенттің  сөзінше, бұл үшін үй алу кезінде  азаматтарға  берілетін  несие пайызын  7 пайызға дейін  алдын ала төлемді 20 пайызға дейін азайтып, ал несиені өтеу  мерзімін 25 жылға дейін ұзарту керек.

                «Екіншіден салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын жұмысшылардың табысын молайту үшін салық жүктемесін  он есеге азайтып, 1 пайызға түсіру керек. Бұл бастаманы 2019 жылдың 1 қаңтарынан     бастап іске асыруды ұсынамын» деді  Елбасы.

                Президент бұған қоса үшінші бастама ретінде жоғары білімге қолжетімділікті арттыру және оның сапасын көтеру қажетін айтты. «2018-2019 жылдары әр жылға қосымша 20 мың грант бөлуді ұсынамын. Колледждер мен университеттер 2020 жылға дейін жекеменшік-мемлекеттік серіктестік  негізінде кемінде 25 мың орындық жатақхана салуы керек» деді Қазақстан Президенті.

                Елбасының төртінші     бастамасы шағын және орта бизнеске дем беріп, жаңадан бизнес бастағандарға қолдау көрсету үшін жеңілдетілген шағын несие көлемі туралы болды. Ол 2018 жылы жеңілдетілген шағын несие көлемін арттыру үшін қсоымша 20 миллиард теңге бөлу керектігін айтты.

                Бесінші бастама деп Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстанның орталық және солтүстік аймақтарына  газ тарту керектігін айтты. Қазақстаннның оңтүстік және батыс өңірлеріне ғана газ  тартылғанын айтқан Президент Орталық және Солтүстік облыстарға бір жарым жыл көлемінде газ тарту міндетін қойды.

                Үндеудегі тұжырымдардың қай-қайысы болсын қазіргі шешімін күткен мәселелерді сараптап, ең тиімді жолдар таңдап алынған. Бұл бағыттар - қазіргі өміріміздегі атқарылатын міндеттер мен ел тірегінің жақсаруының нақты тетіктері.

Б.Бейсенқызы.

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net