Елорда тойы-ел тойы
- Толығырақ
- Жарияланды 15.03.2018 03:07
- Автор: Super User
- Категория: Ел және Елбасы
- Қаралды: 1713
С а р ы а р қ а н ы ң кіндігіндегі ежелгі қала –Ақмолаға жиырма бірінші ғасыр астанасының қоныс аударуы егемен Қазақстанның өміріндегі тарихи оқиға болды
.Сол бір сындарлы сәттерде Елбасымыздың қажыр-қайраты мен көрегендік саясатын қазақстандықтар қызу қолдаған еді. Бүгінде бас қаламыз Қазақстанның қазіргі және болашақтағы жолын анықтайтындай мемлекеттің маңызды шешімдер қабылдайтын ақ ордасына айналып отыр.
Астана – қарыштап жаңарған мемлекетіміздің символы Елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Жаңаша қарқын алған құрылысымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан гүлзарларымен, аллеяларымен сырттан келушілердің назарына ілініп, шетелдіктерді таң қалдыруда. Астананың 20 жылдық қысқа ғана тарихында ғасырға татитын жұмыстар атқарылды десек, артық айтқандық болмас. Астананың болашағынан зор үміт күтуге болады. Былтыр ғана «ЭКСПО -2017» х а л ы қ а р а л ы қ мамандырылған көрмесі өтті. Шетелдермен іскерлік байланыстар нығая түсуде. Осының бәрі ертеңгі күнге деген сенімді арттырғандай. Астана қаласына биыл 20 жыл толып отыр. Биылғы думан жылдағыдан да қызықты әрі есте қаларлықтай болады деп күтілуде. Планета халқын бейбітшілік пен бірлікке, ынтымаққа шақырған елорда тойы – ел тойы.
Бағдат БЕЙСЕНҚЫЗЫ.