Жас қала-Астана
- Толығырақ
- Жарияланды 15.03.2018 03:21
- Автор: Super User
- Категория: Ел және Елбасы
- Қаралды: 1780
Биыл Астанаға 20 жыл толып отыр. Астана - қазақ елінің Елордасы, еліміздің бүкіл тарихының болмыс-бітімін бойына сіңірген қала.
Елордамыз сәні мен салтанаты келіскен егемен елдің айбынын асқақтатар - Астана аталды. Қазақ даласының жүрегіндегі Сарыарқаның төсінде алты Алаштың арманына айналған әсем қаланың бой көтергеніне міне, 20 жылдай уақыт өтті. Бүгінгі Астана жас қала болғанына қарамастан, көркейіп, өзгерді. Елорда төрткүл дүниені мойындатты.