Ұлы мақсаттарға ұмтылыс

Сонау 1997 жылдан бері қарай дәстүрлі түрде жолданып келе жатқан Елбасы Жолдаулары бүкіл Қазақстан халқының ұзақ жылдарға арналған шамшырағы іспеттес.

Қазақстан халқын нарық заманында адастырмай түзу жолды таңдай білуі Президентіміздің Жолдауынан туындайтын мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асыруынан болды десек қателеспейміз. Жыл сайын Президент Жолдауы  жағымды жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, көркеюіне негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленеді.

    2018  жылдың   10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жарияланған болатын. Онда әр саланы қамтыған он басымдықтың ішінде білім саласына қатысты бөліміне ерекше мән берілді.

   Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру үшін жас ұрпақтың өзге тілді жетік біліп, заман көшіне ілесуге мүмкіндік жасалу мақсатында үш тілді білім беруге, білім саласында жаңартылған мазмұнды бағдарламаға және латын әліпбиіне біртіндеп көшу сынды жұмыстардың басталу керектігін көрсетіп, Елбасымыз 2018 жылғы дәстүрлi Жолдауында елiмiзде цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, өзгерістерге үнемі бейім болу, педагогтарды оқыту мен біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарап, дамытудың жаңа мiндеттерiн нақтылап бердi.

    Аталған мiндеттерді iске асыру ұстаздар қауымына  үлкен жауапкершiлiкті жүктейтіні белгілі. Осы ретте, білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитеті өз жұмысын бастап кетті. Алғашқы болып, Көктал ауылында орналасқан Абай атындағы орта мектепте жас мамандармен кездессе, 16 қаңтар күні Жолдауды «Шамшырақ» балабақшасының еңбек ұжымымен талқылады. Білім саласының қызметкерлері Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жұмыстарына белсене араласып, қолдайтындықтарын жеткізді.

     Ал, білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитеті желілік кестеге сәйкес ұйымдастыратын (кездесулер, дөңгелек үстел,семинар) т.б. шараларда Елбасының Жолдауын насихаттайтын болады.

      Cонымен қатар, Жолдауда  жаңа оқыту бағдарламаларын меңгерген мұғалімдердің жалақысы 30-дан 50 пайызға дейін көтерілетіні туралы жағымды жаңалық ұстаздар қауымын қуантып, жігерлендіре түскені белгілі. Бұл көрсетіліп жатқан қамқорлық мұғалімдердің мәртебесін арттыра түсетініне сенім білдіремін.

Мақытбек  Тұрлыбеков,

Білім және ғылым қызметкерлері

 аудандық  кәсіподақ

комитетінің төрағасы,

аудандық мәслихат

 депутаты.