«Нұр Отан» - нақты істер партиясы

Ағымдағы  жылдың І тоқсанында «Нұр Отан» партиясының облыстық және аумақтық филиалдары Елбасының тапсырмалары мен алға қойған мақсаттарын орындауда жұмыс атқарып келеді.

2018 жылдың І тоқсанында жоспарланған 983 шараның барлығы ұйымдастырылып, оның ішінде облыстық деңгейде 148 шара өтті. Бұл шаралар азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге, барлық деңгейде жалпыұлттық диалогты қамтамасыз етуге,  партияның имиджін қалыптастыруға бағытталған.

«Бүгінгі күні облыстық партия ұйымы нақты әлеуметтік топтарға, яғни, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, балаларға, ауыл тұрғындарына бағытталған 7 партиялық жобаны жүзеге асыруда. Жалпы жобалық тәсіл өзінің тиімділігін дәлелдеп отыр. Партиялық жобалар арқылы тұрғындар партияның қызметі туралы хабардар болып, нақты баға бере алады. Сондықтан да, азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған, жергілікті атқарушы органдар, депутаттық фракция мүшелерінің және үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін пайдаланатын жүйелі де мазмұнды шаралар санын көбейту қажет», - дейді «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Нұрқадыров Серік.

Айта кету керек, жоба тұжырымдамасында белгіленген нақты индикаторларға қол жеткізу мақсатында 2018 жылдың І тоқсанында 571 іс-шара ұйымдастырылып, оған 6 852 адам қатысты.

 

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net