Көшбасшы немесе ұлт бағына туған тұлға

           

Қазақстан   Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  саяси-экономикалық ұстанымы мемлекетімізді 

тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдерден адастырмай алып шықты, елдің қуатын арттырды,  рухын  көтерді. 

    Сөйтіп басқарудың тың үлгісі - президенттік басқару  институты елімізді  тәуелсіздіктің қалыптасу жолындағы барлық процестерден сүрінбей өткізіп, дамудың даңғыл жолына бастады. Мемлекет   басшысының көреген саясатының арқасында Қазақстан деген ел барын  дүниежүзі  білетін болды.

     Жас мемлекетіміз  экономикалық  даму  жолында халқының бірлігі бекем, болашағы айқын ел ретінде әлемдік қауымдастықтан өз  орнын  алып үлгерді.

     Бүгінде  еліміз тәуелсіз ел атанды. Осы тәуелсіздіктің Көк байрағын нық ұстап, халықты «Нұрлы жолмен» «Мәңгілік елге»-бақытты болашаққа бастап келе  жатқан Мемлекет басшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев!

    Нұрсұлтан  Назарбаев - ұлт бағына туған тұлға! Оның тұлғалығын шет мемлекеттер де бағалап, сырт көз сыншылары танып қойған. Қара қылды қақ жарып, әділдік айтатын халықаралық сарапшылар Нұрсұлтан     Назарбаевты әлемдік саясаттың серкелері кешегі Франклин Делано Рузвельт, Мұстафа Кемал, Ататүрік, Махатма Ганди, Шарль да Голль, бүгінгі Ли Куан Юмен, Махатхир  Махамадпен  қатар қояды.

     Жаңа  тұрпатты мемлекет құрған Нұрсұлтан Назарбаевтың өз сөзімен  айтсақ: «Ел болудың, мемлекет болудың жөн-жобасын көрсетіп,  көмекке келген ешкім болған жоқ. Біз бәрін де тыңнан бастап халқымызбен бірге қалыптастырдық. Жоқтан бар жасадық, барды берекеге айналдырдық. Сол ырысты өсу мен өркендеудің негізі етіп алдық». Осы тұста Қазақстан дамуының өзіндік моделі туралы Президент сөзі ойға  оралып тұр.

       «Біз алыс сапарға бел буып, келешегімізді тәуекел дариясына түсірген елміз». «Ұлт жоспары-қазақстандық арманға бастайтын жол» деп атаған Жолдау-мемлекеттік идеяның түп қазығы-біздің жалпыұлттық рухымыздың маңыздылығын жан-жақты ашып көрсетуге бағытталды. «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды»,-деген  сөз  жалаң  ұран  емес.

     Мемлекет  басшысының өзі таңдап алған бұл бағдаршам бағыт еліміз үшін адастырмас  жұлдызға айналды. Бұл стратегияның кең пішілген кемел ойлы тактикасы да бар. Осыған орай, Елбасы былай деп жазды: «Уақыт бізді таңдады! Біз сол уақытқа өзіміздің  мемлекеттік  төріміз-тәуелсіз Қазақстанның атын жаздық».

    Ғасыр мен ғарышты  қатар игеріп келе жатқан тәуелсіз Қазақстан «Нұрлы  жолмен»  «Мәңгілік елге» нық сеніммен  аршындап  барады!

    Биыл Тәуелсіздік  алғанымызға - 27 жыл!  Тарих үшін қас-қағымдай уақытта Қазақстан ғасырларға тең таңғажайып табыстарға жеткенін  бүкіл әлем  көріп, таңдай қақты.

     Осының бәрі алдағыны көретін, алысты болжайтын, кемел ойлы кемеңгер, Мемлекет  басшысы Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың дана  да  дара, салиқалы, сарабдал, парасатты саясатының жемісі.

   Ұлт бағына туған тұлға Нұрсұлтан  Назарбаев-ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов  арманын жүзеге асырған ойлы кемеңгер.

Бағдат  Айтмұқаева.