Жалпыға бірдей жұмыс қоғамына 20 қадам

Ел экономикасын одан әрі дамытумен қатар қоғамдық сананы да ортақ мақсат төңірегіне топтастыруға үндейтін, «Қазақстан-2050» стратегиясында көзделген түпкілікті мақсаттарға жетудің жолын, бағдарын көрсеткен Н.Назарбаевтың тұжырымдамасы – тек Үкіметке алдағы атқарылуы тиіс тапсырмаларды нақтылап беруі ғана емес, бүкіл қоғамды елдікке, бірлікке, болашақты бірге жасауға шақыруы, үндеуі деп түсінгеніміз абзал.

 

                Баршаңызға белгілі Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тұжырымдамасын жария етті. Тұжырымдамада халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылып, Үкімет алдына таяу мерзімде жүзеге асыру үшін 20 тапсырма жүктеді. Елбасы тапсырма беріп қана қоймай, қазіргі кездегі қоғамдық қатынастарға терең талдау жасады.                      Тапсырманың орындалуы бойынша           Елбасы ай сайын сараптама жасап отыратындығын да нақты айтып, осы тапсырма арқылы біздің қоғамда азаматтарды еңбекпен қамту, жұмыспен қамту қазіргі ең басты міндеттердің бірі екенін атап көрсетті.    Елбасы бұл істі шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту арқылы шешуге болатындығын баса айтты.

Алима  Рахимжанова,

 аудандық Әділет басқармасының  инспекторы.

 

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net