Балтамырдың бапкерлері

Жаркент өңіріне жерсіндіріліп, қызылшаның сапалы тұқымы  алынуда. Сапалы өнім өндіру үшін шаруашылықта ғылыми практикалық жұмыстар атқарылды. Сонау Украинадағы ғалымдармен тәжірибе алмастыру арқылы үлкен жетістіктерге қол жеткізген серіктестіктің өндірген тұқымдары республикамыздың бірнеше облыстарында өсіріліп, бітік өнім алынуда. Атап айтқанда қант қызылшасын өсірумен айналысатын Алматы облысы бойынша1000 гектаралқапқа отандық тұқым сепсе, Жамбыл  облысы300 гектаржерге септі.

 

                Өткен 2015 жылы облыста4500 гектаржерге қызылша себілсе 2016 жылы ол6400 гектаралқапқа көбейді.

                Биылғы жылы «Қамқорлық»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі15 гектаржерге тұқымдық қызылша өсірді.  Оның ішінде 8 гектарға «Ялтушковская-30» және7 гектаралқапқа «Қаз Сит-14» деп аталатын қант қызылшасының тұқымдық сорттары өсірілді.  Тер төгіп еңбек еткен қызылшашылар жыл  соңында барлығы 8 тонна тұқым өндірді. Шаруашылықта озық тәжірибелерді өндірісте қолдану үрдісі қолға алынған.                               

Мысалы үстіміздегі жылы1 гектаржерге егілген қызылшаны тамшылатып суару арқылы мол өнім алуға қол жеткізді. Атап айтқанда бір гектардың өзінен 1400 киле тәтті түбірдің сапалы тұқымы жиналды.

                Шаруашылықтағы барлық жұмыстар агротехникалық ережелер бойынша жұмыс істейді. Ғылыми тәжірибелер еңбек адамдарына түсіндіріліп, күнделікті жұмыс талап деңгейінде атқарылуда.

                Бүгінгі таңда жауапкершілігі шектеулі серіктестікте 25 азамат жұмыс істейді. Олардың ішінде бесеуі механизатор, көпшілігі әйел азаматтар.Жұмыскерлер ай сайын жалақыларын кешіктірмей алып тұрады.  Қант  қызылшасын жинау, сұрыптау, қоймаға апарып сақтау жұмыстары қазіргі таңда қарқын алуда. Онда  қызылша тұқымын тазалайтын  және түрлі өңдеулерден өткізетін арнайы аппараттар жұмыс істеп, белгіленген стандартқа қол   жеткізуде.

                «Қамқорлық» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте еңбек ететін азаматтардың  бәрі моральдық және материалдық жағынан жақсы қамтамасыз етілген. Сондықтан да әрбір жұмыскер өз міндеттерін жауапкершілікпен  атқарып, ел экономикасын арттыруға өзіндік үлес қосуда. Олар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесін еңбектегі  ірі  табыстарымен   қарсы   алмақ.

                                                                                             Жұмағазы   Бейсебек.