Мерекеге үлес қосу-ортақ міндет

Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент  күніне орай «Арай» балабақшасы  игі істерді  қолға алуда. Бірқатар мәдени іс-шараларды өткізу жоспарланып, жүзеге асуда. Сонымен қатар балабақша тәрбиеленушілері түрлі байқауларға қатысып, жүлдегер атануда. Соның бірі «Арай» балабақшасының мұғалімі Р.Қасымова республикалық «Ақ көгершін» байқауына Қуанышұлы Қуандық пен Мейрамхан Бегім Сұлуды қатыстырып,  жүлделі орынмен оралды.  Байқау «Кішкентай  ханзада» тақырыбымен төрт   кезең  бойынша өтті.

 

                Осы байқауға балаларын қатыстырып, қолдау көрсетіп отырған ата-аналар мен тәрбиешілеріне алғысымыз шексіз. Баланың бойындағы жылт еткен сәулені байқап,  оларды дайындауда үлкен шеберлікпен, шығармашыл ұстаздың қолынан ғана келетіні сөзсіз. Мейрамхан Бегім Сұлу I дәрежелі дипломант, Қуанышұлы Қуандық III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Бұл балалар наурыз айында Астана қаласында өтетін халықаралық «Ақ көгершін» байқауына жолдама алды.  Балабақшада барлық жағдайға   оң  көзқараспен қарап, істеліп жатқан жұмыстарға барынша қолдау  көрсетіп отырған   меңгерушіміз   Р.  Айдаболқызына  слғыс айтамыз.

Ш. Қабанбаева,

тәрбиеші.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4128311