Көшбасшы
- Толығырақ
Қай халықтың болсын болашағы басшысына байланысты.Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келеді.Елдің көшін алға тартып, әлемдік қауымдастық әлеуеті зор елге айналдыруда.
Елбасының сіңірген еңбегі зор. Құрамына түрлі этнос өкілдері кіретін халықтарды қазақ жерінде бірлік пен ынтымақта ұстап,береке тұнған құтты мекенге айналдырды.Өзінің дана саясаткерлігімен Қазақстанды әлем жұртшылығына таныта білді.Қазақ елін халықаралық аренада жоғары дәрежеге көтерді.
Елбасымыз-халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған жанашыры, тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға, экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшы. Ол-бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман-тәуелсіздігімізді орнықтыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінген көшбасшы.
Бүгінгі биіктен қарар болсақ, тәуелсіздікке қол жеткізіп, дербес мемлекет ретінде қаз басып қалыптасудың ең сындарлы, ауыр да алмағайып шақтарында соның бүкіл тауқыметін қайыспай көтерген қиындығына төзген, ыстығына күйіп, суығына тоңған, не көрсе де халқымен бірге көріп келе жатқан бірден-бір адам Елбасымыз.Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің әлемдік айдынға шыққан өркенді жолында, көрнекті оқиғаларының барлығында оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша қолтаңбасы, ерен еңбегі жатыр. Тәуелсіз Қазақстанның осынау аумалы-төкпелі кезеңде өзгелерге ұқсамайтын өзіндік сара даму жолынан өткендігін көреміз.
Мемлекет пен қоғам дамуына түрлі кезеңдерінде алға қойған мақсат-міндеттер салиқалы саясат пен сауатты басқарудың нәтижесінде іске асырылды. Осы реформалық процестердің бастауында тұрған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасына тікелей байланысты демекпін.
А.Ақылшаева ,
мұғалім.