Жасыл желек-жанға сая

   Бүгінгі  таңда  ауданымыздың барлық елді-мекендерінде аулалар мен арықтарды тазалау, көгалдандыру-абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

 

            Әрбір саналы азамат өз үйінің және жұмыс орнының айналасын таза ұстауға көңіл бөлуі керек. Табиғаттың, қоршаған ортаның тазалығы адам денсаулығына игі әсерін тигізері сөзсіз.

                Сәуір айының 15-і күні аудандық Мәдениет үйінің алды мен қала әкімдігінің және аудан әкімдігінің аумағына қарасты жерлерді көгалдандыру, абаттандыру мақсатында сенбілік өткізілді. Сенбілікке аудан әкімі Бердәулет Ешенұлы Абдулдаев бастаған әкімдік қызметкерлері қатысты.  Әкімдіктің барлық  бөлімдері мен әкімнің орынбасарлары түгел қатысқан бұл шарада ашық алаңға шырша көшеттері егілді.

                Көктемгі көшетті өз қолымен отырғызып өзгелерге үлгі көрсеткен аудан әкімі шырша көшеттерін қалай күту керектігін айта келіп, әрбір бөлім қызметкерлеріне  өздері отырғызған шыршалардың қурап қалмай, дұрыс өсуін қадағалаулары керектігін ескертті.

                       Жұмағазы   Бейсебек.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4124910