Баспасөз хабарлама Жалпыұлттық талқылау: «Нұрлы жол» - болашақтың инфрақұрылымы

ҚР АКМ «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ және «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы 2017 жылдың 5 маусымында «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын жүзеге асыру мен оның Қытайдың «Жаңа Жібек жолы» стратегиясымен түйіндесу потенциалының жалпыұлттық талқылауын өткізді.

 

Бұл сауалды қоғам, саяси және мемлекеттік қайраткерлердің қатысуымен кең ауқымда талқылау «Нұрлы жол» бағдарламасы жұмысының аралық нәтижесін әділ бағалауға, сондай-ақ экономика үшін кешенді, мультипликативтік нәтижеге қол жеткізу мақсатында бағдарламаның «Жаңа Жібек жолы» стратегиясымен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін анықтауға жағдай жасады.

Негізгі талқыланған тақырыптар: республиканың транзиттік-көлік әлеуетінің дамуы мен оның халықаралық көлік жүйесімен бірігуі; Қазақстан өңірлерінде бәсекеге қабілетті индустриалды инфрақұрылымды құру; кәсіпкерлікті қолдау және оның өсіп келе жатқан бәсекелестік шарттарына бейімделуі; қазақстандық экспортты дамыту және қолдау.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған барлық инфрақұрылымдық жобалар, бірінші кезекте қазақстандықтар өмірінің сапсасын барлық жағынан жақсартуға бағытталады. Дамыған, сапалы ұлттық көлік жүйесі ел ішінде жерүсті көлікпен жылдам, жайлы және қауіпсіз қозғалуға мүмкіндік береді», - деп көрсетті өз сөзінде «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық Қозғалысы Кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев.

 Өз кезегінде ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты, ҚР Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Бахтияр Мәкен көліктік-логистикалық инфрақұрылымының даму жоспарымен бөлісті.

«Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде ұзындығы 7 мың км асатын 12 автожол жобасы, ұзындығы124,8 кмқұрайтын 2 темір жол жобасы, сондай-ақ «Құрық» портындағы паром өткелінің құрылысын жүзеге асыру көзделген», - деп хабарлады Бахтияр Мәкен.

Талқылау «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының «Жалпыұлттық талқылау» жобасын жүзеге асыру аясында өтті. Диалогқа ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты, ҚР Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Бахтияр Мәкен; «KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік Одағы Президиумының Төраға орынбасары Юрий Лавриненко; Атамекен ҰКП Көліктік логистика кіші комитетінің Төраға орынбасары Ерхат Исқалиев; ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы орынбасары Амангелді Беков; «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық Қозғалысы Кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев және т.б. қатысты.