Ұйымдық мәселе қаралды

Ақпан айының 28-і күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXII конференциясы болды. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен бұл конференцияға партия делегаттары, депутаттар,

қала және ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, этномәдени орталықтардың мүшелері, үкіметтік  емес ұйымдар, сала басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

                Конференцияны «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Досмайлов кіріспе сөзбен ашты. Конференцияның барлық шешімдері ашық дауыс беру арқылы бекітілді.

                Онда  мандат  комиссиясының төрағасы  Ерлан Нарынбаев  мандат комиссиясының хабарламасын жасады. Конференция барысында ауданымыздың бұрынғы әкімі Бердәулет Абдулдаевтың зейнеткерлікке  шығуына    байланысты саяси кеңес құрамына  өзгерістер енгізілді.

        Сондай-ақ   «Нұр Отан» партиясы       Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаевтың ұсынысы   бойынша «Нұр Отан» партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы  болып Темірлан Амангелдіұлы Бектасов  бірауыздан сайланды.

                Конференцияда саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізілді. Саяси кеңес құрамынан шығып қалған партия мүшелерінің орнына аудан әкімі Бектасов  Темірлан   Амангелдіұлы, «Ернар» шаруа қожалығының басшысы Жапарқұлов Тасқын Тұрғанғазыұлы, «Алтынкөл» стансасының  директоры Ұнтақбаев Жандос Тілеубергенұлы, жеке кәсіпкер, дүнген мәдениеті орталығының  мүшесі Лосанов Исмаз,  аудандық славян  этномәдени орталығының мүшесі  Борисова Галина  енгізілді.

                «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XXII конференциясында саяси кеңестің бюро құрамына да өзгерістер енгізілді.

                Саяси кеңестің бюро құрамына  аудан әкімі Бектасов Темірлан Амангелдіұлы, «Ернар» жеке шаруа қожалығының басшысы Жапарқұлв Тасқын Тұрғанғазыұлы, аудандық мәслихаттың депутаттары Әбілов Жандос Жатқанбайұлы мен Тулақбаев Руслан Мұстапаұлы енгізілді.

   Сондай-ақ «Нұр Отан»  партиясы  Панфилов аудандық филиалы кезектен тыс XXII конференциясының мандат комиссиясының құрамы және есеп комиссиясының құрамы бекітілді.

                Конференцияға арнайы қатысқан «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың  жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын  жүзеге  асырудағы  «Нұр Отан» партиясы Панфилов аудандық филиалының міндеттері туралы  баяндамасы  тыңдалды.

     Конференцияда сөз алған Панфилов ауданының «Құрметті азаматы», Жаркент қалалық қоғамдық кеңесінің  мүшесі Роза Надырова мен аудан  жастары атынан партия белсендісі Талғат Әлімжанов өз ойларын ортаға салды.

                «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXII конференциясында қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

                Конференцияда күн тәртібі бойынша  ұйымдық мәселе  қаралды.

                Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының  партиялық бақылау      бойынша инспекторы Алмас Мұқаев, Панфилов аудандық мәслихатының хатшысы Ерғали Шоқпаров қатысып отырды.

                Б.Жұмағазы.