Жаңарудың нұрлы бастауы

Ұлыстың    ұлы   күні - әз     Наурыз мерекесін көппен бірге жазиралы Жаркент өңірінің  халқы да шадыман шаттықпен, көлкөсір қуанышпен қарсы алып, сән салтанатпен тойлады. Орталық алаңға келген аудан  тұрғындары  мен қонақтарды көңілді  әуен сазы тербетті. Тәй-тәйлаған сәбиден еңбектеген қартқа дейін  әз  Наурыз  мерекесінің  мерейін  асырды: қуанышқа ортақтаса келген көпшілік бір-бірімен қауыша  амандасып, мәре-сәре болды. Осындай  көңіл  толқытқан сәт үстінде орталық алаңдағы  мінберге көтерілген  аудан әкімі Темірлан Бектасов  өңір   жұртшылығын  мерейлі мереке  қуанышымен  құттықтап, ізгі  тілегін  білдірді.

 

                Бұдан  соң   аудан   әкімі  Темірлан  Бектасов бастаған көпшілік алаңға  тігілген ұлттық  дәстүрдегі киіз үйлер мен  славян, ұйғыр, дүнген, басқа да этномәдени орталықтарына  бас сұғып, ондағы ұлттық тағамдардан дәм татып, қолданбалы қолөнер көрмелерімен танысты.

                    Көпшілік наурыз  көжеден  дәм татып, аудан  көркемөнерпаздарының көңілді концертін тамашалады.  Мереке салтанаты көпшіліктің  сейіл-думанына  ұласты.

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net