ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ «ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША БІРЫҢҒАЙ КҮНІ

18 сәуірден бастап еліміздің барлық қалаларында, аудан орталықтарында, ауылдарда, кәсіпорындар мен оқу орындарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Бірыңғай күні өтеді.

 

         Іс-шаралар аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы, КММ, ауылдық округ әкімдіктері, қоғамдық ұйымдар, университеттер, колледждердің және тағы басқалардың ұйымдастыруымен өтеді.

         Бірыңғай күн өткізудің мақсаты – Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды дайындау, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасау мәселелерін талқылау.

         Бұл бастамалар білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлауға ықпал етеді деп күтілуде.

         Іс-шаралар барысында Ассамблея кеңестерінің, ғылыми-сарапшылық топтардың дөңгелек үстелдері, конференциялар, диалогтық алаңдар, қоғамдық келісім кеңестері, сарапшылармен кездесулер өтеді.

         Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының Бірыңғай күні аясында студенттерге арналған ашық семинарлар, мектеп оқушылары үшін интеллектуалдық ойындар, дәрістер мен презентациялар ұйымдастырылады.

____________________

«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. www.assembly.kz

 

Күнтізбе

« Мамыр 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net