2017 жылы Қазақстанда Медицина қызметкері күні «Кәсібіңе басымды ием» ұранымен өтеді
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой айтты.
Толығырақ...Әлем назары Астанадағы көзайым
Ардақты ағайын!
Дәл осы күндері барша Қазақстан халқының аузынан түспей, басты әңгіме арқауына айналып тұрған тарихи маңызы зор оқиға: Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі.
Толығырақ...Су -табиғи тіршіліктің көзі
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің болашағы зор. «Астық өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан карзеңкесі» болуымыз керек.
Жерді пайдалану тиімділігін арттыруға тиіспіз. Суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40% - ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу қажет», -делінген болатын.
Елбасының биылғы Жолдауына қолдау көрсеткен «Қазсушар» Алматы филиалы Панфилов өндірістік учаскесінің ұжымы ауданымыздағы су тораптарын жөндеулерден өткізіп, суармалы алқаптардың көлемін ұлғайтуды мақсат етуде. Атап айтқанда, биылғы жазда Тышқан су торабы арқылы Сарыбел, Тұрпан, Садыр сияқты елді мекендердегі шаруа қожалықтары сумен толық қамтылды. Өткен жылдарда су тапшылығынан игерілмей бос қалған алқаптарды игеруге мүмкіндік туды.
Толығырақ...Жақсылық жасап жадырайық
Халқымыз ежелден-ақ «Жетім көрсең жебей жүр, жетімнің көз жасын көрсетпесін» деп ұрпақ санасына құйып өсірген. Алайда, тағдыр бүлдіршіндерімізге өмір сыйлап қуантқанымен, ата-анадан айырып өмірдің ащы дәмін татқызып жатқаны жасырын емес. Осындай балаларды қоғамнан шеттетпеу, оларға жан-жақты қолдау көрсету -баршамыздың міндетіміз.
Жуырда қаламыздағы Pizzburger пиццериясының бастамасымен Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне қайырымдылық түскі асын ұйымдастырды. Бұл шараға қала әкімі Ермек Нұрахметов, қала әкімінің орынбасары Айдын Келемсейіт, Луначарский атындағы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ольга Старченко және өнерпаз оқушылар қолдау көрсетті.
Толығырақ...Еленген еңбек
Өткен аптада аудандық Мәдениет үйінде «Еңбек Күні» қарсаңында облыстық «салааралық мәдениет спорт және ақпарат» қызметкерлерінің кәсіподағы төрайымы Құсайынова Бейбігүл Досбатырқызы аудандық мәдениет саласы қызметкерлерін елеулі еңбектері үшін Алғыс хатпен марапаттап, осы сала қызметкерлері Қызжібек Жұматаева және Ардақ Тұрғанбекқызының зейнеткерлікке шығуларына байланысты кәсіподақтың «Құрмет төсбелгісімен» және «Алғыс хатпен» марапаттады. Айта кететін жайт, бұл марапат екі апайымызға шипажайға 15 пайыз жеңілдік сыйлап отыр.
Толығырақ...