Баспаналы болыңыз

Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келеді.

     Биылғы Жолдауында да халық игілігі үшін қолға алынған бағдарламалар тоқтап қалмай әрі қарай да өз жұмыстарын жалғастыратындықтарын айтты. Халқымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы үшін тиісті тапсырмалар берді. Яғни халықтың бақуатты өмір сүріп, еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуға себепші болып келе жатқан аталған бағдарламалардың жұмысы кенжелеп қалмақ емес.

     Мәселен, баспаналы болудың қолжетімділігін арттыратын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2018 жылы 9,5 мыңға жуық отбасы баспаналы болды. Дәлірек айтқанда осы бағдарлама негізінде биылғы жылы 8,8 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 77 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартқан. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 31,5 процентке артып, 818,9 миллиард теңгені құраған. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында баяндаған болатын.

   Сондай-ақ, алдағы жылдарда да бағдарлама оңды жүзеге асуы үшін бірқатар жоспарлар жасалынып, нақты міндеттер бекітілген.

(ӨЗ ТІЛШІМІЗ).

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net