БАСПАНАЛЫ БОЛАМЫН ДЕСЕҢІЗ...

Желтоқсанның 20-ы күні аудан әкімшілігінің мәжіліс залында аудан әкімі Темірлан Бектасовтың қатысуымен «7-20-25» бағдарламасына орай жиын өтті.

 

     «Қазақстан Халық банкі» АҚ Панфилов аудандық филиалының басшысы Дәурен Жанпейісов қала тұрғындарымен және мемлекеттік қызметшілерге аталған бағдарлама аясында баспаналы боламын деген азаматтарға банк тарапынан көрсетілетін қызметтер мен қаржылық жағынан туындайтын өзекті мәселелерді түсіндіріп өтті.

     Аудан әкімі Т.Бектасов халықты баспанамен қамтамасыз ету жолында қабылданған мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болуға ниетті тұрғындарды әкімшілік тарапынан қолдау көрсетуге даяр екеніне, сонымен қатар, бағдарламадағы көрсетілген алғашқы жарнаның 20 пайызының жартысы яғни, 10 пайызына облыс тарапынан арнайы субсиядия бөлінгені жөнінде айтып өтті. 

     Тағы бір айта кетер жәйт, егер сіз осы  «7-20-25» бағдарламасы арқылы Алматы немесе Талғар, Қаскелең сынды қалалардан пәтер алуды ойласаңыз Панфилов ауданы атынан, өзіңіздің тұрғылықты округ әкімшілігі арқылы өтініш бере аласыз. Аудан әкімінің орынбасары Д.Төреханов бүгінгі таңда бағдарламаны жүзеге асыру, аудан тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында үйлер салуға арнайы жер бөлінгендігін, алдағы уақытта инвесторлар тартып, жұмыстар жасалынатындығы жоспарланып жатқанын жеткізді.

     Өздеріңіз тұрып жатқан аумақта    баспаналы болуға ниет білдірсеңіз жергілікті округ әкімшілігіне немесе аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй          инспекциясы бөліміне келіп өтініш берулеріңізге, ақпарат алуларыңызға болады.

Нұрбол   Ханағат,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 691115