«Нұрлы жол»-болашаққа бастайды

Елбасы Нүрсұлтан Назарбаев 2015 жылы  6 сәуірде  Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойған болатын.  «Нұрлы жол» бағдарламасы негізінен экономикалық дағдарыстың алдын алып, барша қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын жоғарылатуға бағытталғаны белгілі. Осындай маңызды бағыттың шеңберінде бағдарламаның негізгі міндеттері де айқындалған болатын.

 

                Атап айтқанда, бұлар «шұғыла» қағидаты бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымды құру, индустриялық және туристік инфрақұрылымдарды дамыту, бірыңғай электр энергетикасы жүйесін дамыту шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды нығайту,  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау мен су бұру желілерін жаңғырту, азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту, кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын қарастырады.

           «Нұрлы жолдың» арқасында көп бағдарлама іске асып, біздің ауданымыздың тіршілігі жандана бастады. Өткен жылы  Нұркент ауылында бюджеттік сала қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлік екі үй пайдалануға берілуі – осының айқын дәлелі десек болады.  Ал алдағы үш жылда Панфилов ауданында 39 тұрғын үй тапсырылады. Сол арқылы 2 мыңға жуық отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойламақ.

        «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған «Алтынкөл» теміржол бекеті, «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы мен «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығынан Жетісу жұртшылығының күтері көп. Бұл жобалар ауданымыздың экономикалық әлеуетін көтерері анық.

Ж.Ержанқызы.

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net